Біз компания қызметкерлерінің қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау, өз таланттарын дамыту жолында қолдау және өз жұмыстарын құлшыныспен атқаруын ынталандыру үшін барымызды саламыз. Бұл мақсатқа жету үшін біз ұйымдастырушылық қабілеттерімізді әрдайым шыңдау үстіндеміз және мұндай әрекеттер арқылы уақыт өте келе жоғары деңгейдегі сапаға қол жеткіземіз деген сенімдеміз.
Компанияның қауіпсіздікті басқару жүйесі RINA SERVICES S.p.A. компаниясымен сертификатталған. Атап айтар болсақ, кемелерді қауіпсіз пайдалану және ластанудың алдын алу жөніндегі халықаралық басқару кодексінің (ISM коды) талаптарына сәйкес келеді.
Компанияның құрылғанына 8 жылдан асты және уақыт өткен сайын жауапкершіліктің, әсіресе, Каспий теңізінің аумағындағы қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігінің артқанын айта кету керек. Caspian Sea Support компаниясының құрылтайшылары компания тіркелген сәттен бастап өз міндеттерін толығымен орындау жөнінен көшбасшы болып келеді және сәйкесінше ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 сертификаттары негізінде өз қызметтерін ұсынады. Біздің оффшорлық қызметкерлеріміз жұмыс сапасын арттыру мақсатында тұрақты түрде деңгейін арттыру курстарына, оның ішінде BOSIET, флотты басқару бойынша түрлі тағылымдамалардан өтіп, ҚОҚ стандарттарына сәйкес сертификаттар алып отырады. Компанияның менеджменті “Oil Spill Response Limited”-тің оқытуынан өткен болатын. Сонымен қатар, біздің компания Каспий итбалығы мен бекіре балығын құтқару сынды теңіз тұрғындарын құтқару жолдарын үйрету курстарына қызметкерлердің қатысуын әрдайым қолдап отырады. Қоршаған ортаның тұтастай сақталуы, оны қорғау және әрімен қарай халықаралық стандарттарға сәйкес дамытуын қолдау - біздің компанияның басты даму жолы деп есептейміз.